«Тайм Медиа Групп» компаниясы тематикалық телеарналарды өндіруші және олардың эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады. Қазіргі таңда компанияның кейсы «В гостях у сказки», «DuckTV», «Первый Метео» және т.б. телеарналар дан тұрады.
«Тайм Медиа Групп» компаниясы РФ, Балтия және ТМД елдерінің аумағында кабелдік және спутниктік операторларын телеарналармен қамтамасыз ететін жеткізуші болып табылады.
Түрлі танымдық бағдарламалары бар қолданбалы арна. Әлемдегі аңшылық пен балық аулау туралы еӊ қызықты оқиғалар, көпті көрген аңшылар мен сарапшылардың практикадағы кеңесі, сонымен қатар шоу-бизнес өкілдері және саясаткерлердің балық аулау және аңшылық туралы шоу, және тағы да басқа көптеген қызықты бағдарламалар. Бір сөзбен аңшылық пен балық аулау туралы басынан аяғына дейін баяндайтын телеарна!
4-12 жас аралығындағы балаларға бағытталған. Барлық бағдарламалар нашар еститін телекөрермендерге бейімделіп, ым-ишара тіліне аударылып отырады. Эфирде мультфильмдер, анимациялық және көркем фильмдер, телехикаялар, сондай-ақ ресейлік және шетелдік өндірістің танымдық, ойын-сауық бағдарламалары көрсетіледі.
Бүкіл отбасы мүшелері қызығушылықпен көретін, жануарлар жайлы ойын-сауық және танымдық телеарна. Біздің планетамыздың ең жарқын фауна өкілдерімен танысып қана қоймай, өмірін ең алғашқы күндерден бастап, кейінгі дамуын бақылай аласыз. Төрт-аяқты достарымыздың өмірі туралы таңғажайып оқиғалармен, жүздеген қызықты фактілерімен танысасыз, ал HD формат - табиғатпен толық бірігуді сезінуге көмектеседі!
18-ден 45 жасқа дейінгі аудиторияға бағдарланған телеарна. Негізгі бағыттары: инновациялық документалистика, шындық – шоу, экстремалды саяхат, спорт және интерактивті жобалар. Телеарнаның басты ерекшелігі - HD-форматпен салыстырғанда, болжамдылығы 4 есе артық 4K Ultra HD форматы көрермендерге қолжетімді. 4K UHD форматындағы сурет тіпті жақын қашықтықтан қараған жағдайда да, ультра-керемет нақтылықпен көрсетіледі және сонымен ерекшеленеді.
Өткір сезімдер іздеушілерге арнайы, жаңа белестерге және өмірін өзгертуге ұмтылатын жандарға арналған телеарна! Табиғаттың тылсым күшіне төтеп беруге және қорқыныштарыңызды жеңгіңіз келеді ме? Ең белсенді саяхатшыларға арнайы шеткі спорт түрлеріне арналған проектілерді қарсы алаңыздар! Серфинг, фридайвинг, альпинизм, сноубординг – адам мүмкіншіліктерінің шегі!
4 жастан 12 жас аралығындағы балаларға арналған «В гостях у сказки» телеарнасы өз көрермендеріне классикалық және көркем ертегі-фильмдер, ертегі-мультфильмдер және мультсериалдарын ұсынады. Телеарна көрермендері россиялық ТВ бұрын соңды көрсетілмеген россиялық және еуропалық режиссерлердің үздік туындыларын бірінші болып тамашалауға мүмкіндік алады.
«Дорама» – Шығыс елдерінің киноиндустриясына арналған алғашқы сериалды телеарна. Хабар тарату кунделікті және тәулік бойы. Телеарна аудиториясы – барлығы, 18-30, 35+. «Дорамы» эфирінде бүкіл дүние жүзінде қарқынды танымалдылықты иеленіп келе жатқан Оңтүстік Корей, Жапон, Қытай және Тайвань елдерінің сериалдары. Көрермендердің назарына көп түрлі жанырлар ұсынылады: драмалар, мелодрамалар, комедиялар, тарихи сериалдар. Программа аралық форматтар бірегей шығыс мәдениетінің әлеміне шымылдырығын аша түседі. Түрік сериалдарын сүйіп көретін көрермендерге арнайы бөлек арналық сызықтама жасалды. «Дорамы» ұраны - «Шығысқа қара!»
Рессейлік ғарыштық жетістіктер жайлы алғашқы да жалғыз телеарна. «Роскосмос» мемлекеттік корпорациямен бірлесе жасалған. Эфирде – ғарыш индустриясындағы соңғы жаңалықтар, ғылыми көпшілікке арналған бағдарламалар, Ғаламшардың құрылысы жайлы жоблар, көркем және деректі фильмдер. Ғылыми тәсілді, алайда баршаға түсінікті. Шексіз қызық болады!
Заманауи қарудың жауынгерлік күші, ауқымды шайқастар, тарихи жеңістер және соғыстағы адамның тағдыры туралы хабарлауға арналған арна. Эфирде танымал әскери сериалдар мен кеңестік киноның классикасы, шетелдік сатып алу мазмұны, деректі фильмдер мен ойын-сауық шоулары бар. Ерік-жігері мықты және рухы мықты ерлер телеарнасы!